Күн де өтер, айлар өтер, жыл өтер

lat: Kún de óter, aılar óter, jyl óter

Уақыт,мезгіл, жас-бәрі де мәңгі емес деген мағынада айтылады. Зар жылар да, булығар да - от жанар, Жылай, жоқтай көр басыңа көп барар. Күн де өтер, айлар өтер, жыл өтер, Тағы өртенер, үміт үзер... тоқталар (Б. Күлеев). Көп күннің бірінде; түбінде. Күндердің күнінде сүйеу болатын жерлерді әдейі ашқам жоқ, - деді Аманбай (М. Әуезов).